$ 443.44  480.51  4.88

«Ұлан екеумізді айырып жіберді»: әнші Балжан Бидаш тележобада футболшымен өнер көрсетпейтінін айтты

Оқырмандардың көбіне бұл жаңалық ұнамаған сияқты.

Фото: konysbayev7 инстаграм парақшасынан
Фото: konysbayev7 инстаграм парақшасынан

Әнші Балжан Бидаш "Егіз-лебіз" жобасында енді қазақстандық футболшы Ұлан Қонысбаевпен бірге ән салып, өнер көрсетпейтінін айтты. Бұл туралы  Skifnews.kz ақпарат порталы әншінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Егіз-лебіз" тележобасында көпшілікке ұнап үлгерген жұп - әнші Балжан Бидаш пен қазақстандық футболшы Ұлан Қонысбаев.

Егіз-лебізде Ұлан екеумізді айырып жіберді. Яғни, бүгін басқа жұппен шығамын, - деп жазды әнші.

Оқырмандардың көбіне бұл жаңалық ұнамаған сияқты.

"Қызғанған болар керемет жұпты", "Ұлан жобадан кетіп қалды ма?", "Жеңіп кетпесін деді ме?", "Өмірде ажырамаңдар", - деп жазған желі қолданушылары.

Фото: bidash_official инстаграм парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары