26.03.2024, 15:40

«Мәңгі жүрегімде»: Айдана Меденова марқұм ата-анасын еске алды (ВИДЕО)

Фото: @aidanamedenova_officialpage

Олардың көзі кеткесін ғана ойлап жүрмін, мені қаншалықты сүйетіндерін.

Үлкен сахнадан кетіп, дінге бет бұрған экс әнші Айдана Меденова марқұм ата-анасы туралы айтты. Әншінің айтуынша,  әкесі өте мейірімді кісі болған көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Әкем сияқты адам көрмедім. Менің санамда әкемнің ұрысқан сәті жоқ. Ешқашан балаларына дауыс көтермеген. Барлығымыздың анамыз ұрысады ғой. Ұрысқанын да елемейтінбіз. Ұмытып кететінбіз. Әкемнің қатулы қабағы мен жанарын мүлдем көрмеппін. “Қызым олай жасама”, “мына қылығың ұят” деп айтқан емес. “Әке” деген сөз мен үшін “мейірім” деген сөзбен байланысып жатыр. Олардың көзі кеткесін ғана ойлап жүрмін, мені қаншалықты сүйетіндерін. Оларға ештеңе айтудың қажеті жоқ. Тек сезім арқылы бәрін білдіруге болады. Ата-анамның тәні мен жаны менімен ылғи бірге жүретініне сенемін. Олар менің мәңгі жүрегімде. Алладан күн сайын дұға етемін”, – деп жазды экс әнші.