$ 494.87  520.65  4.91

Көлігіңді тастап кет: Төреғали Төреәлі неге келіншегіне көлік алып бергенін айтты

Төреғали әйелімен қыз бен жігіт боп жүрген кезінде берген уәдесін есіне алды.

Фото: www.instagram.com/uly_dala_project
Фото: www.instagram.com/uly_dala_project

Эстрада әншісі, «Ұлы дала баласы» атымен танылған  Төреғали Төреәлі  жары Толқынға сыйлаған көлігін көрсетті, деп хабарлайды Skifews.kz ақпарат порталы.

Төреғали әйелімен қыз бен жігіт боп жүрген кезінде берген уәдесі жайлы оқырмандарына түсіндіріп, соны орындай алғанына қуанышты екенін жеткізді.

“Менің рөлге отыра алмайтынымды білесіздер. Құқығым да жоқ. Толқынға жақында алып берген көлігіміз – Lexus rx 300. Бір қызығы, осыдан 10 жыл бұрын екеуіміз қыз бен жігіт болып жүріп жүргенде дәл осындай маркалы машинасы болған еді. Ұзату күні жақындағанда “сенің үйіңе машинаны алып барайын ба?” деп сұрады. “Тастап кете бер, кейін бізде бәрі жақсы болса, саған осындай көлік алып беремін” деп айттым. Міне, сол уәдемді орындап, қыз күніндегі көліктің су жаңасын сыйладым. Барлығына бірге жетуге болады”, – деп айтты әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шоу-бизнес