28.03.2024, 19:00

Қателігімсің: Балжан Бидаш жаңа әнінің бейнебаянынан үзінді жариялады (ВИДЕО)

Фото: www.instagram.com/bidash_official

Желі қолданушылары некесі сәтсіз аяқталған Балжанның  таланты мен қайсарлығына риза болды.

Танымал әнші Балжан Бидаш Instagram парақшасында жаңа әнінің бейнебаянынан үзінді жариялап, оқырмандарынан қолдау сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қысқа ғана жазба жариялаған Балжан "Қателігімсің" атты жаңа әніне түсірілген бейнебаян 4 сәуір күні сағат 20:00-де YouTube арнасында жарияланатынын жеткізді.

"Достар, міне көптен күткен жаңа бейнебаян, жаңа әннің тизері", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары некесі сәтсіз аяқталған Балжанның  таланты мен қайсарлығына риза болды. "Мықты қыз, ажырасқанын ешкімге жариялаған жоқ. Кейбіреулер сияқты хайп та жасаған жоқ. Керісінше, олардан жоғары екенін көрсетті. Жақсы жауап болды", "Балжан стиль, идея, дауысың бәрі ерекше! Жарайсың , әлі бүкіл әлемге танымал болып", "Некесі сәтсіз аяқталған қыздарға сенің батылдығыңды берсе ғой", "Керемет,  осы Балжанды сағындық", - деп жарыса  жазуда әншіге қолдау білдірген оқырмандары.