$ 494.87  520.65  4.91

«Қыз күнімде шықпаған қылық енді шығып жатыр»: Танымал әнші оқырмандарының сынына қалды (ВИДЕО)

Ақбота өзінің бойындағы өзгерістерге таңданып, қалай қабылдарын білмей жүргенін айтты.

 

Фото: agugai.kz
Фото: agugai.kz

Күміс көмей әнші Ақбота Керімбекова Instagram парақшасында бөліскен видеосы оқырмандар арасында әр түрлі пікір тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Ақбота өзінің бойындағы өзгерістерге таңданып, қалай қабылдарын білмей жүргенін айтты.

«Қыз күнімізде шықпаған қылық енді шығып, біраз әрі-сәрі күйде жүрмін. Өзі қылтиып шығып тұрған күйді фильтр де әрі-бері сүйреп әлек. Бейнебаян шіркін майыстырып жібереді ғой. Енді осылай майысып жүрмесем... Еркекшора мінезіме жараспайды-ау, бірақ», – деп жазды танымал әнші.

Ал оқырмандарының арасында әншіге бұл қылықты жарастырмай, жасына сай келмейтінін айтып, сынап, ұялтуға тырысқандар болды: «Мынау өте жараспайды, балалларыңнан ұят енді өз қадіріңді өзің кетіріп».

Десе де оған бұл қылық жарасатынын айтып, қолдағандар саны әлдеқайда көбірек: "Бәрі жарасып тұр, танымай қалдым", "Әдемі боп кетіпсіз", "Фильтрсіз де әдемісіз", "Әйелге нәзіктік жарасады", "Нәзіктігіңіз әдемі, еркекшора дегенді қойыңыз", "Бәрі жарасады", "Әдемісіз, сұлусыз", - деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары