Бұл жайында ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.
Шоу-бизнес саласының майталманы, танымал продюсер Баян Алагөзова марқұм Салтанат Нүкенованың ісіне қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жайында ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.
"Бұл сұмдықты бастан өткердім, мұндай күйде адам ешқандай жанашырлық танытпайтынын анық білемін. Олар міндетті түрде ұрып-соғады", - деп жазды продюсер.
Бұған дейін Баян Мақсатқызы тұрмстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашқанын жариялаған болатын.
Продюсердің айтуынша, орталық жүзге жуық әйелді қабылдай алатынын және жақын арада Астана мен Шымкент қалаларында ашу ойында бар екенін жазды.
"Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашатынымды көптен бері айтып жүрмін. Орталық дайын! Жақында жұмысын бастайды. Қоғамды нөлдік төзімділікке жетелеу үшін барлық күш-жігерді жұмсау керек. Біз құтқаруға емес, бақытты отбасыға орталық ашуымыз керек.
Орталық үлкен, жарқын, жайлы, жүзге жуық әйелді қабылдауға дайын. Бізде жетекші мамандар, яғни ең жақсы психологтар, заңгерлер, медицина қызметкерлері, тәрбиешілер, оқытушылар жұмыс істейді. Барлық әйелді қалай құтқаруға болады? Білмеймін, бұл мүмкін емес шығар. Бұл мәселеге қатысты қоғамның ойы мен көзқарасын өзгертуге болады. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ.
"Клара" оңалту орталығы, бұл менің жұбайымның анасының есімі. Мен Клара анамыздың бізге көктен қарап, игі істерге батасын беретініне сенемін", - деп жазған ол.