$ 498.34  519.72  4.85

Бағжан Октябрь марқұм Салтанатқа арнап композиция орындады (ВИДЕО)

Ол «Гауһартас» фильмінің саундтрегін орындады.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Еліміздің танымал виолончелисті Бағжан Октябрь марқұм Салтанат Нүкенова рухына арнап композиция орындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бишімбаевтың сотын көріп жатырсыздар ма?! Марқұмды қаралап, түрлі нәрсе айтып жатыр. Оның ойы, «Салтанатты періште көрмей-ақ қойыңдар» дегенге келіп тұр. Өзі сүттен ақ, судан таза сияқты», - деп жазды музыкант.

Ол «Гауһартас» фильмінің саундтрегін орындады.

«Менің түсінуімше, бұл музыка мен тарихты бәрі бірдей біле бермейді. Мен де кездейсоқ орындаған жоқпын. 1975 жылы түсірілген «Гауһартас» фильмі. Басты рөлдегі қыздың аты — Салтанат. Фильмде оның өмірі қайғылы аяқталады», - деп түсіндірді Бағжан.

Оқырмандары бұл туындының мазмұны мен орындалуына әрі қоғамды дүрліктірген оқиғаға қатысты түрлі пікір жаудырып жатыр.

«Әр әйелдің ішіндегі мұңды жеткізген», «Керемет орындау», «Егер Бишімбаев өмір бойына кетіп, жаза алмайтын болса, қыздар мен әйелдерге Қазақстанда әрі қарай өмір сүру қауіпті деген сөз», «Салтанат осы өмірдегі миссиясын атқарып кетті деп ойлаймын. Қаншама үйде өліп қалған әйелдердің, соттың әділетсіздігін көрсетіп жатыр», «Қатты жылап жүрмін. Өмірде танитын құрбым сияқты», - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары