$ 494.87  520.65  4.91

Тәуекел Мүсілім еш жерде жарияламаған отбасылық суретін көрсетті

Тәуекел Мүсілім марқұм әкесі жайлы жан сырын ақтарып, оның екінші отбасы туралы айтқан болатын.

Фото: almaty.tv
Фото: almaty.tv

Танымал актер, тележүргізуші  Тәуекел Мүсілім Instagram әлеуметтік желісінде ерекше отбасылық сурет жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фотосуретте жасөспірім Тәуекел әкесі Сабыр Мүсілім және туған әпкесімен бірге Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің қасында тұр.

Актер суретті  "Әкемізбен" деп, қысқаша ғана жазбамен жариялаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілім марқұм әкесі жайлы жан сырын ақтарып, оның екінші отбасы туралы айтқан болатын. Өнер иесінің ата-анасы оның кішкентай кезінде ажырасып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары