$ 494.87  520.65  4.91

«Қасымызда болыңдар» десеңіздер, баруға дайынбыз: Сәкен Майғазиев әріптестерін сынағандарға жауап берді

"Қарға өшін тырнадан алыпты" демекші, кез келген нәрсеге әншілерді, өнер адамдарын қосып, ғайбаттаудың қажеті жоқ.

Фото: www.instagram.com/saken_maigaziyev
Фото: www.instagram.com/saken_maigaziyev

«Музарт» тобының әншісі, «Бес жұлдыз» музыкалық бағдарламасының бас сарапшысы  Сәкен Майғазиев әншілерді  айыптаған оқырман-тыңдармандарына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сәкен Майғазиевтің айтуынша, су тасқыны болған аймаққа барлық әріптестері шама-шарқының жеткенінше қаржылай көмек көрсеткен.

Жүрегімізбен, жанымызбен сіздермен біргеміз. "Қасымызда болыңдар" десеңіздер, баруға дайынбыз. Әншілер шамасы келгенше қаржылай қолдау көрсетіп жатыр. Жағдайы барлар миллион теңгеден, жағдайы жоқтар кем дегенде 100 мың теңгеден аударды. Айту керек болса, осыны да айтайық. Дұрысынан түсініңіздер. "Болмайтын адам өнбейтін істі даулайды" деген сөз бар, болмайтын сөзді айта бермейік. Бәріңізді құшақтадым, - деді әнші.

Сонымен бірге әнші эстрада жұлдыздарына орынсыз сын айтып, бос сөздің соңын қуалап, өнбейтін іспен айналысуды доғаруға кеңес берді.

Су алып жатқан жерлердің баршасына шамамыздың келгенінше біз де үлесімізді қосып жатырмыз. "Қарға өшін тырнадан алыпты" демекші, кез келген нәрсеге әншілерді, өнер адамдарын қосып, ғайбаттаудың қажеті жоқ. Арыстағы жағдай болсын, Мақтааралды су басқанда да, басқа да жағдайларда басы-қасынан табылдық. Өте ұйымшылмыз, бір-біріміздің сөзімізді сөйлеп, сойылымызды соғуға дайынбыз. Қаншама қайырымдылық қорлары жұмыс істеп жатыр. Көмек көрсетіліп жатыр, - деді өнер иесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары