$ 441.66  475.14  4.86

Созыңдар деген бұйрық келді: Актер Нұрболхан Шарапов Бишімбаев ісіне қатысты ойын айтты

Адам өлтiрдi, статья бар, үкiм шығаруы керек қой?!

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Танымал әзілкеш, актер Нұрболхан Шарапов су тасқынымен қатар өтіп жатқан Бишімбаевтың сотын елдің назарын аудару үшін әдейі созылып жатыр деген ойымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі сот процесінен фильм түсіру туралы да айтты.

 Отвлекающий маневр! "Өткенде бүйтiп айттың, сол кезде неғып сөйтпедiң" деген әшейiн болмайтын әңгiме кетiп жатыр. Су тасқынынан фокусты алыстату керек болды. Әйтпесе, адам өлтiрдi, статья бар, үкiм шығаруы керек қой?! Жоқ, созыңдар деген бұйрық келдi. Бишімбаевтың сотын монтаждап, Netflix-ке сатса, ТОП-1-ден түспеуші еді, – деп жазды әзілкеш. 

Шараповтың оқырмандары қоғамды дүрліктірген екі істі де жібермей бақылап отырғандарын жарыса жазды. Олардың көпшіліг актердің ойымен келіспейтіндерін білдірді. 

"Соттың су тасқынына қатысы жоқ”, “Жарты жыл бұрын соттың күні белгіленіп қойылды, “Елге екі бірдей қасірет келді”, “Бұл оқиға екінші оқиғаны жауып жатқан жоқ. Екеуі де біздің елдің былығын көрсетіп жатыр. Әділетсіз ақша бәрін шешетінін дәлелдеп, әлемге масқара болдық”, “Нұрболхан, өсекші қатындар сияқты. Сот пен судың байланысы жоқ“, “Интернет дамыған заманда ешқайсысынан қапы қалып жатқан жоқпыз. Барлығын көріп отырмыз”, – деп жазып жатыр оқырмандары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 6
Күлкілі 10
Ашулы 15

Серіктес жаңалықтары