$ 494.87  520.65  4.91

«Гауһартасы бар сағат»: Гүлзира Айдарбекованың қос келіні туған күніне қымбат сыйлық жасады

Алла ең бастысы келіндеріңізді адалынан берсін!

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Танымал продюсер, кәсіпкер Гүлзира Айдарбекова 56 жасқа толды. Туған күн иесін алғашқыларың бірі болып қос келіні құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Үш келіннің енесі оларға алғыс айтып, ақ тілегін жаудырды. 

“Анашым келіп жеткен туған күніңізбен құттықтаймын. Деніңіз сау болсын, әрдайым жанымызда жарқырап, жайнап жүре беріңіз! Аллам басыңыздағы бағыңыздан айырмасын. Біз сізді жақсы көреміз", – деп құттықтады кенже келіні Индира Мәулен. 

Ортаншы ұлы Аянның әйелі Айкерім қызы Ақмөрмен Астанадан арнайы ұшып келіп, тосынсый жасады. Олар Гүлзира ханымға гауһартасы бар сағат сыйлады. 

“Мама, туған күніңізбен! Сізге бар жақсылығын тілеймін Әрдайым жүзіңізден күлкі кетпесін”, – деп жазды.

56 жасқа толып жатқан продюсер парақшасына жазба жариялап, тілек білдірген барша оқырманға алғыс айтты. 

“Құттықтап жатқан баршаңызға, аналық ақ жүрегіммен басымды иемін! Алла ең бастысы келіндеріңізді адалынан берсін! Барлық ана атаулы осы сөзді дұғаларыңызға қосып айта жүріңіздерші. Алланың мейірімі шексіз ғой шіркін! "Жақсы сөз жарым ырыс" құдалармен жақсы қарым-қатынас, мың жылдық болу да бәрі осы ұл-қыздарымыздың бақытына таңылып қойған. Анашым деп күлімдеп алдыңызда жадырап келініңіз шәйін мәпелеп құйып беріп отырса, аналардың арманы сол емес па?! Қалған минустарының бәрін түзеп қойып отыра бересің ғой. Тек араға азғырушылар түспесін! Отбасының шамшырағы, ұйытқысы осы ене мен келін емес па. Мейірімі шексіз Аллам, ұл-қыздарымыз үлкен әулетті отбасы болып, ауыз біршілігіміз мол болсын!”, – деп жазды туған күн иесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары