$ 442.84  480.97  5

Қазаққа құда ДДСҰ басшысы немересімен бірге «Дискотека» әніне биледі (ВИДЕО)

2021 жылы танымал ақын Жүрсін Ерман жиен немересіне батасын беріп, осыдан үш жыл бұрын Тедрос Гебрейесустың үлкен ұлына қазақ салтымен ұзатқанын айтқан еді.

Фото: instagram.com/drtedros
Фото: instagram.com/drtedros

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесус немересімен бірге Ұланғасыр Қамидың «Дискотека» әніне биледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ДДСҰ басшысы видеоны 14 сәуірде өзінің Х аккаунтында жариялады.

«Демалыс күнгі би, #Қазақстан музыкасы, немерем Коймен бірге. Балаларымыздың жарқын болашағынан үміт күтеміз», - деп жазды Тедрос Гебрейесус.

ДДҰ басшысының немересі жартылай қазақ. Оның ұлы Эммануэль қазақ қызы Айдананы жар етіп алған.

Бұған дейін хабарланғандай, Тедрос Гебрейесус 2023 жылы 23 қазанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі жаһандық конференцияда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты құда деп атаған болатын. Ол өзі үшін Қазақстан ерекше маңызды ел екенін, өйткені екі немере сүйдіріп отырған келіні қазақ екенін айтқан еді.

2022 жылдың тамызында Тедрос Гебрейесус қазақ тілін үйренуге ниетті екенін мәлімдеді.

Есе салсақ, 2021 жылы танымал ақын Жүрсін Ерман жиен немересіне батасын беріп, осыдан үш жыл бұрын Тедрос Гебрейесустың үлкен ұлына қазақ салтымен ұзатқанын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары