$ 494.87  520.65  4.91

«Тазабектің таза кезі»: Серікзат Дүйсенғазы 32 жыл бұрынғы естелігімен бөлісті

Заман да, пейіл де, шалбар да кең уақыт қой.

Фото: serikzat_duisengazy  инстаграм парақшасынан
Фото: serikzat_duisengazy инстаграм парақшасынан

Танымал айтыскер ақын, сазгер, журналист Серікзат Дүйсенғазы студенттік жылдарынан сыр шертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Айтыскер Медеу мұз айдынында түсірілген фотоны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. 

1992 жылдың желтоқсан айы болса керек. 1-курс студенттері Зейнолла Салқынбаев, Мұхамеджан Тазабек және біз. Ештеңеге араласпаған тап-таза кезіміз. Қайран жастық шақ!, – деп жазды сазгер.

Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, жастық шақтарын сағынышпен еске алып жатыр. 

“Сен бөлексің, досым” деп жазды ақынның өнердегі әріптесі Тоқтар Серік. “Мұхаммеджанды мың қарап, мұртынан таныдым”, “Тазабектің тап-таза кезі екен”, “Бұрынғы айтыскер Мұхаммеджанды бәрі сағынады”, “32 жылды артқа тастапты”, “Заман да, пейіл де, шалбар да кең уақыт қой”, “Адидас пен мантананың уақыты”, “Не деген киім үлгісі, қолы жеткендер ғана киетін”, – деп студенттік кездерін сағынышпен еске алып жатыр ақынның оқырмандары.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары