19.04.2024, 13:40

«Бізде сенсорный ғой»: Ауылда жүрген Сәкен Майғазиевтің әзілі жұртты тәнті етті

Фото: www.instagram.com/saken_maigaziyev

Видеода Майғазиев әріптесі Кенжебектің қарашаңырғанда жүргенін айтты.

Танымал әнші, МузАРТ тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің ауылда түсірген видеосы оқырмандарын қуантты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші видеоны Instagram парақшасында бөлісті. Онда Майғазиев әріптесі Кенжебектің қарашаңырғанда жүргенін айтып, бұрынғы қол жуғышты көрсетіп «бізде сенсорный ғой» деп әзілдейді.

Ауылда өстім, шаңына аунап, еркелеп...Кенжебектің ауылдағы қара шаңырағында. Сен Шумен ойнаған екенсің. Бізде сенсорный ғой. Қолдың әсерінен істей береді, - дейді ол.

Сондай-ақ, видеода балалар мен келіндердің сәлемін алған өнер иесінің қарапайымдылығы мен қазақылығына риза болған оқырмандары ықыласын білдірді.

"Сәкеннің, Кенжебектің қарапайымдылығына ризамын", "Не деген қарапайымдылық, Сәкен аға", "Қара шаңыраққа ештеңе жетпейді. Ниеттерің қабыл, мұраттарың асыл болсын. Америкада тұрсаң да келіп сәлем беретін жерің. Аман болыңдар. Керемет көрініс", "Қазақтың қарапайым жігіттері", "Ағамыз әр баланың маңдайынан сүйіп шықты, тек жақсыны көреді", - деп жазды әншінің оқырмандары.