$ 494.87  520.65  4.91

«Жаназасына бара алмадық»: Аша Матайдың ағасы бақилық болды (ВИДЕО)

Жасы небәрі 38-де еді. Қайтеміз, Алланың жазғаны.

Фото: https://www.instagram.com/asha_matai/
Фото: https://www.instagram.com/asha_matai/

Танымал әнші Аша Матайдың туысқан ағасы дүниеден озды. Жуырда оның қайын атасы дүниеден өткен еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қайын атамның қайтқанына – 40 күн. Қолдау көрсетіп келген, хабарласқан әр жанға алғыс айтамыз. Құдайым сауаптан жазсын. Жүрегіміз тілім-тілім, еңсемізді енді көтереміз дегенде, әкемнің інісі, менің ағам Досербеков Дарын Сансызбайұлы бақилық болды. Бүгін Талдықорған қаласында жаназасы мен асы өтті. Біз жолдасыммен бара алмадық. Өз жұртым, ата-анам сол жақта. Жасы небәрі 38-де еді. Қайтеміз, Алланың жазғаны. Жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын! Жылы сөздеріңізге рақмет, инста достарым! Отбасыларыңыз аман, үйлеріңізде той, қуаныш көп болсын!», – деп Аша Матай желіде жазба жариялады. 

Желі қолданушылары Ашаның ағасы мен қайын атасына көңіл айтып, иман байлығын тілеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары