20.04.2024, 12:30

«Тұрмыстық зорлықтағы әйелдің бар күйін көрсетеді»: Әсел Асқар жаңа фильмге түсті (ВИДЕО)

Фото: www.instagram.com/assel.askar

18+ деп белгіленген жаңа туынды 25 сәуірден бастап барлық кинотеатрларда көрсетіледі.

Танымал актриса, блогер және тележүргізуші Әсел Асқар жаңа фильмнің трейлерімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

18+ деп белгіленген жаңа туынды 25 сәуірден бастап барлық кинотеатрларда көрсетіледі. Әлеуметтік желідегі парақшасында трейлерін жариялаған актриса фильмнің сценарийін оқи сала келісімін бергенін айтты.

Бұл фильм тұрмыстық зорлыққа түскен әйелдің бар күйін көрсетеді.

Жалғыз қалу үрейі

Абьюзерден қорқу

Қаржылық тәуелділік

Шарасыздық

Жан жарасы

Үмітсіздік

Өзін қажетсіз сезіну

Басқалардың сынынан қорқу

Өзін кем сезіну

Әлсіздік

Қорғансыздық

Абьюзерге тәуелділік

Қарым-қатынастағы қиындық

Психикалық күй

Аналық инстинкт

Бұл тізімге әркімнің өз қосары бар.

Біз, шығармашылық адамдары ретінде қазір елімізде резонанс тудырып отырған, бітпейтін тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына өзіндік үлесімізді қосуға бел будық.

Бұл мәселемен жақыннан таныс адам ретінде жария айтқым келеді. Сені тоқпақтап ұрған адамды әр түрлі себептермен ақтап алуға, онсызда жоқ нәрсені сақтап қалуға тырысудың қандай екенін жақсы білемін.

Балаларымыз әйелдерге қатысты осы бір әділетсіздікті айналып өтер деп үміттенемін. Ал ұлдарымыз құрметке лайықты азамат боп ер жетер.

Осы бір туындының шығуын ерекше күттім. Біздің атқарған жұмысымызға өздеріңіз бағасын берерсіздер деп үміттенемін. Фильмнің бюджеті шағын ғана. 7 миллион теңгеге ғана түсірдік. Тобымыз 1 ай тегін жұмыс істеді десек болады. Бірақ бұл соған лайықты еді. Бұл жобадан мен бір тиын да табыс таппадым. Маған ұсыныс келді, мен сценарийді оқи сала, келістім.

Бұл фильм – біздің шынайы өміріміз. Өкінішке орай, бұл біздің шындық. Еліміздің барлық кинотеатрларында сіздердің қолдауларыңызды күтемін, -  деп жазды актриса.