$ 494.87  520.65  4.91

«Басыңызға келмейінше, өмірден өтпейсіз»: Мөлдір Әуелбекова жазбасымен елге ой салды

Сіз ол адамның басынан қандай жағдай өтіп жатқанын, күйбіңде не күн кешіп жатқанын білмейсіз.

Фото: www.instagram.com/moldir.auyelbekova
Фото: www.instagram.com/moldir.auyelbekova

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желіде жаңа жазба жариялап, оқырандарын басқаның сыртынан тон пішіп, орынсыз артық сөз айтпауға шақырды,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мөлдір Әуелбекова басқаның жеке өмірінен бейхабар бола тұра сыртынан өсек-сөз айтудың ауыртпалығы жайлы бөлісті.

Әрдайым: “Адамның сыртынан тон пішпеңіздер, размері келмей қалады!” - деп айтамыз. Себебі:

1. Сіз ол адамның басынан қандай жағдай өтіп жатқанын, күйбіңде не күн кешіп жатқанын білмейсіз.

2. Әртүрлі жаман, артық сөз жазып, басыңызға бес елі күнә жинайсыз. Есіңізге салайын: сол әрбір ғайбат үшін міндетті түрде жауап бересіз.

3. Ең ауыры, айтқан әрбір жаман сөзіңіз, өзіңіздің басыңызға келмейінші өмірден өтпейсіз. Мейлі жеке басыңызыға келмесе де, балаңыз, немереңіз, бауырыңыз арқылы Алла келтіреді. Алла уәдісінде тұрушы, Ұлық!

4. Сол себепті, сақ болыңыздар мұсылман бауырлар!

5. Оның орнына жақсы ойлап, жақсы сөз жаудыра беріңіздер! Ол да, басыңызға еселеп келе береді! Құшақтадым! - жеп жазды эстрада әншісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары