23.04.2024, 06:30

«Рухымыз мықты»: Балжан Бидаш су тасқыны болған өңірлерге қатысты пікірін айтты

Фото: bidash_official

Әнші Instagram парақшасында концерттегі көріністермен бөлісті.

Араға үзіліс салып қайтадан сахнада белсенді көріне бастаған  Балжан Бидаш су тасқыны болған өңірлерді қолдау мақсатында берілген концертке қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші Instagram парақшасында концерттегі көріністермен бөлісіп, астына апат аймағында атсалысып жүргендерге алғысын білдірді.

Қазыбек Құрайыш су тасқыннан зардап шеккен ағайынға қолдау көрсетейік деп концерт туралы сөз бастағанда бірден келістім. Себебі, осы наурыздың соңында алғаш жаңалық естігеннен елді де, әрбірімізді де уайым басты.

Сол апатты аймақтарда жүгіріп жүрген құтқарушыларға, дәрігерлерге, волонтерлар мен әскерилерге, бей-жай қарамаған баршаға осы ретте мың алғыс.

Біздің біріккен күшіміздің қаншалықты екеніне, рухымыздың қаншалықты мықты екеніне көз жеткізіп жатырмын… лайым мықтылығымыз сынға түспесін.

@kuraiyshev жарайсың, рахмет саған, - деп түйіндеді эстрада жұлдызы.

Оқырмандары Балжанның жазбасын қолдап, елімізде тек тыныштық орнағанын тіледі.