$ 498.34  519.72  4.85

«18+ сөздің өзінен ұялатынмын»: Актриса кинодағы ашық образы туралы айтты

Қорқыныш басым болды. Ондай сахнаға түспегенмін. «Жарайды» деп келісім бердім.

Фото: instagram.com/bakonay_ks
Фото: instagram.com/bakonay_ks

Отандық фильмдер арқылы халыққа таныла бастаған актриса Бақытгүл Серікбаева «Мамский әңгіме» бағдарламасында «Қашан туасың?» киносындағы ашық сахналары туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актрисаның айтуынша, бастапқыда киноға түсуден бас тартқан.

«Киноға кастинг директоры шақырды. Сосын кетіп қалдым. Кейін маған хабарласып, «Ашық сахналар бар» деді. «Қаншалықты ашық сахна?» деймін ғой. «Қазір саған сценарий жіберемін» деді. Оқып болдым да, «Мен түсе алмаймын. Кешір мені» дедім. Сөйтіп Айдын аға аудиожазба жіберді. Осыған дейін ол кісімен «Досмұқасан» фильмінде жұмыс істеген болатынбыз. Ол «Бақытгүл, кино сен ойлағандай түсірілмейді. Жазылғандай түсірілмейді. Ол өте эстетикалық тұрғыдан болады. Сондықтан уайымдама. Қорықпа! Сен!» деді. Сонда да мен ойландым. Қорқыныш басым болды. Ондай сахнаға түспегенмін. «Жарайды» деп келісім бердім. Таң атқанша уайымдап, ұйықтай алмайтынмын. Сол сахналар ғана мені уайымдатты. Қорқыныш кейін келе пайда болды. Тәрбиеден бе, түсініктен бе, қатты уайымдадым. Ашық сахна түгілі, +18 сөздің өзінен ұялатынмын. Осындай тақырыптағы бірінші жобам болғасын әйел адамның мәселесін, тағдырын көрсету қосылғасын көзім бақырайып, қатты уайымдадым», - деді Бақытгүл Серікбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары