29.04.2024, 06:30

«Ұлан екеумізді бірге көрмейсіздер»: Балжан Бидаш футболшыға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: www.instagram.com/bidash_official

Әнші көпшіліктің үмітін ақтай алмағаны үшін кешірім сұрады.

«Егіз-лебіз» музыкалық шоу-бағдарламаға  футболшы Ұлан Қонысбаевпен бірге жұп болып қатысқан әнші Балжан Бидаш мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген Балжан Бидаш жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

Онда әнші Ұлан Қонысбаевпен бірге отандық жобадан шығып қалғанын айтып, көпшіліктің үмітін ақтай алмағаны үшін кешірім сұрады. Сонымен бірге ол тыңдарман енді өзін футболшымен бірге көрмейтінін атап өтті.

Әлі түсінбей жатқандар бар екен. "Егіз-лебіз" жобасынан біз шықтық. Енді Ұлан екеумізді бірге көрмейсіздер", - деп жазды Балжан.

Балжан Бидаштың парақшасында жоба мақсаты екеуін әдемі жұп ретінде көрсету болғаны да айтылады.

Бұл - шоу! Жоба екеуін әдемі жұп ретінде көрсеткісі келді. Ол жүзеге асқандай, өйткені бұл жұптың көрермені көп болды, - делінген жазбада.

Әнші жазбасының соңында футболшыға алғыс айтты.

Ұлан, жарайсың. Жасыл алаңнан сахнаға жарқ етіп кіре салдың, бұл да ерлік! Алдағы жетістіктерің көп болсын!, - деді ол.