$ 494.87  520.65  4.91

«Неге бәрі ақшаға тіреліп тұр екен?»: Айдарбекова ұлы мен келінінің қатынасына өзін айыптаған оқырманға жауап берді

Солар қалай жүріп тұрса да, сол ақшаны теңізден қармақ салып, аулап тауып отырған жоқ.

Фото: zhuldyzabdukarimovaofficial инстаграм парақшасынан
Фото: zhuldyzabdukarimovaofficial инстаграм парақшасынан

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртас пен келіні Жұлдыз Әбдукәрімованың отбасылық өміріне қатысты оқырманның сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желідегі пабликтердің бірінде әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдукәрімованың жаңа видеосына қатысты жазба жарияланды. Онда Қайрат Нұртас әйеліне гүл сыйлаған.

Бұл жазбаға желі қолданушысының бірі Айдарбековаға жақпайтын пікір жазған. Жазуынша, Гүлзира ханым ақша үшін ұлы мен келінінің арасына түседі екен.

"Не деген ойлар деймін де, сені қатты мазалап жүрген? Жаным сол, сенің де анаң бар шығар. Осылар жақсы өмір сүрсін деп инемен құдық қазғандай бар өмірімді соларға арнамай неге өзіме жұмсамадым екен, күшімді де, ақшамды да, елдер сияқты өзіме ресторан ашып, сықырлатып ақша санап отырсам, біреу қолымды қағатын ба еді. Бірақ солар жақсы өмір сүрсін деп қана өмір сүріппін, кім не ойласа да, менің ұрпағым, олар қай-қайсысы болса да, мына менің өмірімнің жалғасы. Сырттай балгер болып отырған сенің өмірің олардан артық болса, онда мен қоя салайын. Ақша жиналса, ешкім жасамаған концерт жасасам, бірін киноға түсіріп, актриса етсем деп неге жүрдім екен шашым жалбырап, үй бетін көрмей. Әлде мен көріме алып кетеді ме екенмін, неге бәрі ақшаға тіреліп тұр екен? Жоқ, әлде ақшадан жұрдай ішерге асы, киерге киімі жоқ келін, немерелерімді көріп отырмысың, әлде менің кірімді жуып, асымды әзірлеп үй тірлігінен шыға алмай, не базарда сауда саттық жасап мені, не өздерін асырай алмай мазалары қашып жүр ма екен, бұл не әңгіме? Сендердің қайсыларыңнан кем өмір сүріп жатыр екен? Солар қалай жүріп тұрса да, сол ақшаны теңізден қармақ салып, аулап тауып отырған жоқ", - деп жазды ол.

Продюсер сырын білмей жатып өзін кінәлаған оқырманды айыптады.

"Мен тек ана емес, продюсері екенімді ұмытпасаңыздар екен. 20 жыл еңбек етіп, абыройларын асырсам, сол да бала-шағама өмірлік нандары деп ойлаймын. Мен көрмеген қызықты солар көрсін деп, жағдай жасағаным сен үшін маңызды да емес, өзім үшін, не істесем де өз ұрпағым үшін. Сырымызды білмей жатып, бар кінәні соларды жетілдірген анасынан іздеу күнәң шығар, Алла кешірсін. Өз ұлымды атақты етпей тұрғанда да ешкімнен кем етіп өсіргенім жоқ, Абайдың қақ ортасында коттедже тұрып, қара тер адал еңбегімізбен алғаш шыққан иномаркаға дейін астымызға мініп, қаншама туыстарға қарасып отыратынбыз. Олардың табысына қарап қалатындай мен дәрменсіз емеспін, алақан жайып үйде отырған кезім де жоқ, сол баяғы сауда-саттығым, дүкенім өз биснесіммен Нүрекеңнің жиған ірі малдары дәл екеуімізге жетіп асады. Сол себепті менің қалтамды санап, әлекке түспесең де болады. Мынадай қара ниетпен не ана болып не келін болып жарытпассың. Керексіз жерге тіміскіленіп тұмсық тығатындай, әулетіме сен ешкім емессің, өз өмірің өз әлеміңде өмір сүр", - деді продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары