Оның қамқорлығы – ең керемет сыйлық.
Отандық актриса, блогер, кәсіпкер Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісін көрсетті, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Оның қамқорлығы – ең жақсы сыйлық", – деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.
Сонымен қатар блогер махаббат пен мансаптың арасынан нені таңдайтынын айтты.
“Махаббат бар жерде мансап та болады. Махаббат бәрін шешеді. Біріншіден өзіңе деген махаббат болу керек. Бір нәрсені жасап, қателесіп, мықты адам болудан қорықпаңыздар", – деп кеңес берді актриса.
Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova
Естеріңізе сала кетейік, актриса алғаш рет мобилограф Қыран Талапбекке тұрмысқа шығып, Назар есімді ұлын дүниеге әкелді. Алайда көп ұзамай жұп екіге кетті.