2023 жылдың наурыз айының соңында Қайрат Нұртас Талдықорғандағы орталық алаң ішімен көлікпен жүргені хабарланды.
Танымал әнші Қайрат Нұртас көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
29 сәуірде әлеуметтік желіде әншінің көлік жүргізіп келе жатқан видеосы тарады. Видеода оның қауіпсіздік белдігін тақпағанын анық көруге болады, деп жазады Zakon.kz.
"Құқық бұзушыға қатысты шаралар қабылданды. Көлікті қауіпсіздік белбеуін тақпай жүргізгені үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБК – нің 593-бабы 2-бөлігі)", - деді Алматы қалалық полиция департаменті2023 жылдың наурыз айының соңында Қайрат Нұртас Талдықорғандағы орталық алаң ішімен көлікпен жүргені хабарланды. Сонымен қатар, ол кезде де жол қозғалысы ережелерін бұзған сәтінің видеосын өзі түсірген. Сол кезде полиция "іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы автокөлік жүргізушісі Алматы аумағында ұсталып, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы ("жол белгілері белгіленген талаптарды сақтамау") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын" атап өтті. Кейінірек тағы бір бұзушылық туралы хабарланды. 2023 жылы 28 тамызда Қайрат Нұртас көлігімен Жамбыл облысы Қордай ауданында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзды.