$ 494.87  520.65  4.91

«Несием жоқ»: Тамара Асар ешкімге қарыз бермейтінін айтты (ВИДЕО)

Қарыз берудің сауабы садақадан мықты.

Фото: tamara_assar_official инстаграм парақшасынан
Фото: tamara_assar_official инстаграм парақшасынан

Танымал әнші Тамара Асар ешкімге қарыз бермейтінін айтып, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталмыш видео әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Жақында әншіге "Ең үлкен сомадағы қарызыңыз қанша?", деген сұрақ қойылған.

"Мен қарыз алмаймын, қарыз бермеймін. Бала күнімнен әкем санама солай сіңірген. Қарыз бермеймін, бірақ жақыным болса, қарыз сұраған соманың жартысын сыйға беремін. Қарыз бергенде қарым-қатынас бұзылады. Несием жоқ", - дейді әнші. 

Әншінің жауабына таңқалған желі қолданушылары жарыса пікір білдірді. 

"Мен де сұрамайды екенмін", "Ойланбастан қарыз беремін, адам қылысып тұрады ғой, онда тұрған ештеңе жоқ", "Қарыз берудің сауабы садақадан мықты", "Қанша адам қарызды қайтармай, жер басып жүр", "Керемет ұстаным", "Дұрыс екен", "Сол бермеген дұрыс" , - деп жазды жұрт.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары