01.05.2024, 16:30

«Бәле болды»: Актриса Дариға Бадықова өкінішін жасырмады (ВИДЕО)

Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Бұл – халықтың жылына бір көңіл көтеретін мерекесі. Сосын жақсы көретін әртісін ұстап, тартып көреді.

Отандық сериалдар арқылы халыққа танылған актриса Дариға Бадықова көрермен алдына күзетшімен шығып, сынға қалған еді. Енді ол сол қылығына өкінетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актриса оқиғаның қалай болғанын айтып, халықтан қатты сөкпеуді сұрады.

«Сол бір «телохранитель» (оққағар) бәле болды. Біз ол кезде Атырауға корпоративке барғанбыз. Үлгермей кетті. Бір күнде 8 мейрамханаға тапсырыс түскен. Бізге де ақша түскен. Мамандығың сол ән айтып, би билеу болған соң жүреміз ғой. Бірінші күні ол оққағарларды алған жоқпыз. Нақтысы бермеді. Бұл – халықтың жылына бір көңіл көтеретін мерекесі. Сосын жақсы көретін әртісін ұстап, тартып көреді. Бұл өздерінің махаббаты. Мен де өзім ұнатқан адамымды ұстап көргім келеді. Сөйтіп, екінші күні үлгермеген соң, мейрамхананың өзі оққағар берді. Дұрыс түсініңіздер! Бұл біздің «болдық, толдық» дегеніміз емес. Осы оқиғадан кейін оққағар бәле болып жабысты. Қайсы біріне ақтала бересің. Халықтан қорғанатын дымымыз да жоқ», – дейді Дариға Бадықова.

Бір жағынан, ол мерекелік кештерге ішіп алған адамдардың болатынын біліп, күзетшімен шығуды жөн көргенін айтты.