Бізді қиын сәтте қолдап, көмек берген адам.
Әйгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева туған күнін тойлап, жақындарының басын қосты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол 44 жасқа толып отыр. Алайда ақын туған күнін тойлауды онша ұнатпайтынын айтты.
«Барлық ыстық ықыласқа, жылы лебізіңізге көп рақмет. Негізі туған күнді шулатып тойлатқанды жақсы көрмеймін. Түнгі 12.00-де Қайша Керей «Қазақстаннан сіз үшін арнайы келдік» деп Сartier сыйлап, қуантып қойды... «Жеген ас кешке жетпес, ықылас естен кетпес деген осы... Барлық гүл жіберіп жатқан алтындарыма Алла разы болсын!», – деп жазды айтыскер ақын.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
«Біз Айнұр әпкенің туған күніне сыйлық алуға шықтық. Таңдауымыз Сartier брендіне түсіп тұр. Құны 2 миллион тұратын білезік пен жүзік сыйламақпыз. Бізді қиын сәтте қолдап, көмек берген адам. Барлық бақытты тілеймін асыл әпке! Ағаммен осылай махаббатқа шомылып, бір жастықта қартайып, бала-шағаның қызығын бірге көріп, халықтың ықыласына бөлене беріңіз», – деп жазды бизнесвумен Қайша Керей.