04.05.2024, 04:30

«12 сағаттық жұмыс»: үнді қызына еліктеген Мәдина Сәдуақасоваға талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: www.instagram.com/sadvakasovamadina

Видеоны түсінген адам бұның артында үлкен еңбек жатқанын біледі.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мәдина Сәдуақасова желіде жаңа образын паш етіп, қалың көпшілікті өзіне қаратты. Өнер иесі бұл жолы үнді аруының кейпіне енген, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мадина Сәдуақасова аталмыш видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Бейнежазбада ән айтып жатқан өнер иесіне үнді стиліндегі макияж жасалып жатқанын көруге болады. Әншінің айтуынша, бәт әрлеу мен видеоны монтаждауға 12 сағат кеткен.

"Менің нұсқам қалай сіздере? 12 сағаттық жұмыстың нәтижесі", - деп жазды Садуақасова. 

Оқырмандары болса Мәдина Сәдуақасованың видеосына тәнті болып, оған үнді қызының образы үйлесе кеткенін жарыса жазды.

"Нағыз үнді қызы болдыңыз ғой", "Қандай әдемісіз. Сізге мына образ жараса кетті", "Сұлулықтың символы", "Мадина өте көрікті әрі қылықты ару", "Мына трендті жаба беруге болатын сияқты", "Не деген актерлік шеберлік", "Өте сапалы түсіріліген", "Мықты шыққан! Өте үлкен жұмыс жасалынған. Видеоны түсінген адам бұның артында үлкен еңбек жатқанын біледі", - деп жазуда көпшілік.