Аналық жүрегіммен алғысым шексіз!
Қайрат Нұртастың продюсері Гүлзира Айдарбекова Ташкент тұрғындарына алғыс білдірді. Ол ұлының Өзбекстан астанасындағы концерті жоғары деңгейде өткенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлының Өзбекстандағы концерті туралы Айдарбекова Instagram парақшасында жазды.
«Ташкент тұрғындары! Сіздерге айтарға сөзім жоқ, не деген құрмет-қошемет болды. Сыртта қаншама адам кіре де алмай қалыпты. Тіпті әлдекімдер «соншалық елді дүрліктірген, аншлаг концерт беріп жатқан қай елдің азаматы екен» деп ұйымдастырушылардан сұрап кетіпті. Олар да ауыз толтырып мақтанып, мәз болды. Аллаға сансыз шүкірлер! Амандық тіледім сіздерге! Аналық жүрегіммен алғысым шексіз», - деді продюсер.
Жазба астына көпшілік ақ тілегін жаудырып, жағымды пікір қалдырды.