"Ұлым үшін рақмет айтамын".
Әли Оқапов Instagram-дағы парақшасында отбасылық демалысы қалай өткенін көрсетіп, келіншегі мен ұлымен түскен суреттерін жариялады. Онда жұлдызды жанұяның серуендеп жүргенін көруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші фотолардың астында әсерлі жазба қалдырған. Ол көпшілік алдында әйелі Ақерке Бүркітбайға деген сезімін білдірген.
"Менің әйелім бәрінен де күшті. Мен оны қатты жақсы көремін. Ұлым үшін рақмет айтамын. Мұның бәрін өзім ойлап жаздым. Ешкім көмектесіп, қалай жазу керек екенін айтқан жоқ", - деп жазды өнер иесі.