Ол әнінің бейнебаянынан үзіндіні Instagram парақшасында бөлісті.
Халықтың сүйікті әншілерінің бірі Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде жаңа әнін таныстырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол «Өмір – кино» деп аталатын әнінің бейнебаянынан үзіндіні Instagram парақшасында бөлісті.
Бейненің астына: Адамның бәріне ұнау мүмкін емес... Мені жек көретіндерді де жек көре алмаймын, - деп жазды әнші.
Ән қалың оқырманның көңілінен шыққан сыңайлы. Көптеген желі қолданушылары әннің сөзі мен музыкасын мақтап, қошемет білдірген пікір жазып жатыр. Оқырмандар арасында Байырбекованың жазбасына таңданып жатқандар да бар.
«Ойпыр-ай, сізді де жек көретін адам бар ма екен. Жек көретін адамдардың түрлері қандай болады өзі», «Адамның бәріне ұнау парыз да емес,ең бастысы жүрегіңнің тазалығы мен адалдығы», «Ия, пенде қателеспей тұрмайды» деп жазып жатыр олар.