10.05.2024, 11:20

«Өтірік емес»: Ләйлә Сұлтанқызы ыңғайсыз жағдайға тап болғанын айтты

Фото: instagram.com/ @sultankyzy

Той кезінде асаба жігіт өзін ыңғайсыз жағдайға қалдырған.

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде басынан өткен қызықты оқиғаны айтып берді. Тележүргізуші көпшілік алдында ыңғайсыз жағдайға қалған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Ләйлә Сұлтанқызы танысының тойында орын алған қызықты жағдай туралы Instagram-дағы парақшасында жазды. Сөзінше, той кезінде асаба жігіт өзін ыңғайсыз жағдайға қалдырған. Қыз ұзатуда ол тележүргізушіден ойламаған жерден бата сұраған.

«Сасып қалдым. Түсірілімдерімнің бәрі бітірген соң, түнделетіп тойға бардым. Өзім сыйлайтын кісі қызын-қызғалдағын ұзатты. Кешіксем де, бастысы шын көңіл, таза ниет пен сыйлайтын сыйлығым бар ғой деп ойладым. Тура қызды ұзатарда тамада жігіт «бата беріңіз» демесі бар ма!? Әлгі жерде ондайды күтпегендіктен не істерімді білмей састым да қалдым. Сөйтіп, немере-шөбере көрген, үйдің үлкені Балапан апаға микрофон ұсынып, сол кісіден бата сұрадық. «Қызды ұзатарда қандай бата береді, менің бата бергенім қаншалықты орынды?» деп қысылғаным өтірік емес. Сөйтіп қызымызды күйеу баламызға аманаттадық. Жастар бақытты болсын!», - деп жазды Сұлтанқызы.