$ 494.87  520.65  4.91

Айгүл Иманбаева сүйінші сұрады

Әншінің өнеріне тәнті оқырмандары жарыса құттықтап жатыр.

Фото: www.instagram.com/aigul_imanbayeva
Фото: www.instagram.com/aigul_imanbayeva

Бір жылдан бері Анлияда білім алып жүрген Айгүл Иманбаева әлеуметтік парақшасында жақсы жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Болашақ бағдарламасы бойынша білімін шыңдаған танымал әнші жаңа білімін өнер саласына өзгеріс енгізу үшін қолданатынын жазды.

Мен Лондонға оқуға кеткеніме көзді ашып-жұмғанша бір жыл уақыт өтіпті.Елге қайтатын уақыт та келді. Ия Англия елін сағынатын боламын. Себебі өремнің өрісін кеңейтіп,білімімді шыңдап, жақын дос, орта тауып ,үлкен баға жетпес байлықпен келе жатырмын. Қазақ өнеріне де өз үлесімді қосып, өрелі, өнерлі, білімді шәкірт тәрбиелеп, өнерге осында алған біліміммен ары қарай жаңалық енгізсем деп келе жатырмын.

Айтпағым сіздерден сүйіншілетіп , алған ДИПЛОМЫМДЫ көрсетіп, қуанышымды бөлісейін дегенім еді.

Білім іздеген жандарға еш уақытта кеш емес және әлемнің есігі қай жаста да кімге де болса ашық!”БІЛІМ АЛЫНБАЙТЫН ҚАМАЛ!”, - деп жазды әнші.

Достар өзімді өзгертем, өмірімді өзгертем, өсемін,бай боламын, бақытты боламын, ортамды өзгертемін десеңіздер Жаратқанға деген сеніміңізді жоғалтпай білім алсаңыз барлық тілектің орындалатынын түсіндім, - деп аяқтады жазбасын Айгүл Иманбаева.

Әншінің өнеріне тәнті болған оқырмандары жарыса құттықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 43
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары