$ 494.87  520.65  4.91

«Құтырған қатынды көрмепсің»: Балжан Бидаш өзін сынаған оқырманын орнына қойды

Тыңдарман қауым әншінің қылығын ерсі көріп, «құтырған қатынсың» деп пікір білдірген.

Фото: instagram.com/bidash_official
Фото: instagram.com/bidash_official

Әнші Балжан Бидаш сән апталығында түскен фотосын жеке парақшасына жариялады. Осылайша, әнші шығармашылығында болып жатқан жаңалықтарынан көпшілікті хабардар етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соңғы кезде өнер иесі түрлі образ киініп, концерттік бағдарламаларда жиі бой көрсетіп жүр.

«Егіз-Лебіз» жаңа достармен табыстырды деп жатырмыз ғой, соның бірі өздеріңіз білетін – Аука. Өзіне жазып жатқан әнді бірге айтуға ұсыныс тастады. Ән ұнаған соң бірден келістім. Әсіресе машинада тыңдаған кайф. Рахмет, Аука! Мына әніміз хит болатын сияқты. Интернеттен тыңдап, музыка мен видеоны ютубтан көре аласыздар!», – деп жазды әнші.

Сонымен қатар отандық шоу-бизнес жұлдызы аяғын көтеріп, «тілін шығарып» тұрған фотосын үшін оқырмандарынан оңбай сөз естіген.

«Кешірім сұраймын. Бұл бір секундқа «ұстап қалды», - деп жазды өнер иесі.

Алайда тыңдарман қауым әншінің қылығын ерсі көріп, «құтырған қатынсың» деп ғайбаттады.

«Тілін шығарғаны несі, масқара?!», «Ажырасып кеткенің дұрыс болды, түрлі қылығың шығып жатыр», «Жаханның құтылғаны дұрыс болыпты», «Құтырған қатын не істерін білмей жүр» деп негатив пікір жаза жөнелді оқырмандары.

Әнші өз кезегінде «Құтырған қатынның қандай болатынын білмейсің» деп оқырманына жауап берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 11
Күлкілі 3
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары