11.05.2024, 12:30

Әлемге танымал рэпер Snoop Dogg KeshYOU тобымен бейнебаян түсірді (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр / SnoopDogg

Ол қазақ әншілерімен бірге түскен видеосын жариялады.

Қазақстандық танымал продюсер, актриса және кәсіпкер Баян Алагөзова 10 мамыр күні оқырмандарына қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-тың қазақстандық KeshYOU тобымен бірге бейнебаян түсіргенін айтты.

Сонымен рэпер де Instagram-дағы парақшасында жаңа әннің жарыққа шыққанын хабарлады.