$ 479.23  534.96  5.16

«Менің кеткім келмейді»: Николь Шерзингер Алматының әдемілігіне тамсанды (ВИДЕО)

Николь Шерзингер 2000 жылдары әлемдік музыкалық чарттарда хит болған «Pussycat Dolls» тобының вокалисі.

Америкалық танымал әнші Николь Шерзингер Алматы қаласында концерт берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Николь Алматыға концерт беруге келген. Қазір әлеуметтік желі қолданушылары концерттен алған әсерімен жарыса бөлісіп жатыр.

Америкалық жұлдыз елімізге келіп әсерімен бөлісті.

«Мен жаңа ғана келдім, ал табыңдар, мен қайдамын? Мына кереметті қараңдаршы! Ғажап қой! Таң атып, күн шығып келеді. Мен Қазақстандамын. Қобалжып тұрмын. Бұл жер рухыңды жандандырады, менің кеткім келмейді», - деп бөлісті Николь Шерзингер Instagram парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары