$ 474.72  515.17  5.58

Димаш Құдайберген Президент сыйлаған тазыны көрсетті

Әнші оған «Ғарышкер» деп ат қойып, содан бері сенімді серігіме айналғанын айтты.

Фото: Димаш Құдайбергеннің Instagram парақшасынан
Фото: Димаш Құдайбергеннің Instagram парақшасынан

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы сыйға тартқан тазымен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Осыдан бірнеше ай бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тазы сыйлап, ерекше тарту жасаған еді. Оған «Ғарышкер» деп ат қойып, содан бері сенімді серігіме айналған болатын. Жеті қазынаның біріне саналатын тазыны қазақ халқы қадірлей білген», - деген жазба қалдырды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, әнші Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтады.

«Осындай тамаша, баға жетпес қазынаны тарту еткен ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сізге елге қызмет істеу жолында қажымас қайрат, күш-қуат тілеймін! Сізге шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас қуат және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Ел болашағы жарқын болсын!», - деп тілек айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары