19.05.2024, 11:30

Бүгін Қыдырәлі Болмановтың туған күні

Фото: instagram.com/kydyrali_bolman

1996 жылдан – «АБК» тобының негізін қалаушы, мүшесі және бас продюсері. 2001 жылдан – «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі. 

Бүгін, (19 мамыр 1964, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы) — әнші, продюсер, философия ғылымдарының докторы (Phd 2015), Қазақстан жастар одағы сыйлығының және Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрмет орденінің иегері (2013), Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Қыдырәлі Нұртайұлы Болмановтың туған күні. Әнші 60 жасқа толып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қыдырәлі Нұртайұлы – Жезқазған облысының Қарсақбай ауылында туған. 1991 жылы Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген.

1995 жылы «Айналайын» деп аталатын алғашқы жеке альбомын шығарған. 1996 жылдан – «АБК» тобының негізін қалаушы, мүшесі және бас продюсері. 2001 жылдан – «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі. 2005-2007 жылдары Алматы қаласы Мәдениет департаментінің директоры болып жұмыс атқарды. 2008 жылдың сәуірінен Астана қаласы Мәдениет департаментінің директоры.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы комиссиясының мүшесі және Қазақстан жастар одағы сыйлығын тапсыру бойынша комиссияның төрағасы. «Жігер» республикалық конкурсының (1988), Қазақстан жастар одағы сыйлығының (1994), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының (2000), Грозный қаласы Бүкілодақтық студент жастар конкурсының I сыйлығының (1987), Данияда өткен «Борнхольм-90» халықаралық конкурстың I сыйлығының (1990), Литвада өткен «Вильнюс» халықаралық конкурсының III сыйлығының лауреаты (1993). «Азия дауысы» халықаралық конкурсының дипломанты (1991), Голливудта өткен орындаушылық өнерден халықаралық чемпионатта «Басқаларға ұқсамайтын вокал» номинациясы бойынша I орынды және алтын медаль алды (АҚШ, 2001), Шешенстан мен Ингушетия Республикаларының Еңбек сіңірген өнер қайраткері (2005).