Түрін көрсеңдер ғой.
Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Raim-нан ұлымен суретке түскені үшін сөз естіп қалған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әншінің жазуынша, жұлдызды жұптың ұлы Ислам алты айға толды. Атаулы күнге орай жұлдызды ана Instagram-дағы парақшасында баласымен жаңа сурет жариялағысы келген. Бірақ оның ойы күйеуіне аса ұнай қоймапты. Фотоға түсіп жатқанда ұлы қатты жылап, сол үшін әнші ару жолдасынан сөз естіп қалған. Raim Еркені баланы жылатып қойып, фото жасағаны үшін сынға алған.
«Осы жерде балапан бақырып, қатты жылап тұр. Түрін көрсеңдер ғой. Мен суретке түсіп әуремін. Әкесі «баланы жылаттың» деп, маған ала көзімен қарап тұр. Аяғына аяқ киім шақ келмейді», - деп жазба қалдырды Ерке Есмахан.