Өзі де ұялатын сияқты.
Бүркіт лақап атымен танымал Отандық әнші Айбек Жансейтовтің әйелі Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жарының жеткен жетістігі мен тағынған төсбелігісі туралы жақсы жаңалықпен Бүркіттің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Сүйінші! Аиша қыздарыңыз бүгін Қазақстан Республикасының “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды. Махаббаттарыңыз үшін үлкен рахмет! Сенімдеріңізге алғыс білдіремін. Қуанышымда шек жоқ!”, – деді әнші.
“Құттықтаймын, жастарға керемет үлгісіздер”, “Құтты болсын, сол төсбелгісіне лайық жан”, “Өте мейірімді, ақкөңіл жан, марапатына әбден лайық”, “Не үшін, қай еңбегі үшін, жауап жоқ”, “Өзі де ұялатын сияқты”, “Іштеріңіз күйсін, әбден лайық”, – деп оқырмандардың пікірі екіге жарылды.