25.05.2024, 06:30

«132 млн қарызы болды»: Қыран Талапбектің әйелі қандай шартпен тұрмысқа шыққанын айтты (ВИДЕО)

Фото: kyran_talapbek

Тәуекел етуден қорықпаңыздар.

Танымал видеограф Қыран Талапбектің әйелі Гүлзада Тұрлаш Kyran Films ютуб арнасына берген сұхбатында отбасылық өміріне қатысты сырымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көпшілікке актриса ретінде танылған Гүлзада Тұрлаш күйеуінің қандай қасиетіне тәнті екенін атап өтті. Сонымен қатар тұрмысқа шығарда болашақ жары қандай шарт қойғанын да баяндады. 

Қыранмен танысқанда оның 132 млн теңге қарызы болды. Оның жабуға ақшасы да болған жоқ. Мұны айтуға бола ма, болмай ма, білмеймін. Жүріп жүрген кезде "Сен қалай ойланасың? Не істейміз? Қалай жабасың?" дедім. Қыран маған сонда "Менде қазір саған бүкіл қалағаныңды сыйлайтын ақша жоқ. Менде қарыз бар. Егер қасымда болып, бәріне шыдасаң, 1-2 жылда күшті өмір сүресің, қалаған затыңды аласың, қалаған жеріңе барасың. Шыдайсың ба?" деді. Мен келістім. Сол күнге жеттік. Қыран – тәуекелдің адамы. Ол жарты жыл бұрын жауып тастады. Қазір Қыранның тәуекел еткенінің арқасында жақсы үйде тұрамыз. Сондықтан тәуекел етуден қорықпаңыздар", - деді Гүлзада Тұрлаш.

Тыңдарман қауымның көбі ер адамның табысты болуына әйелдің ықпалы бар екенін айтып, оң пікірін білдірді. 

"Сондай ер адамдарды жақсы көремін", "Негізі ер адамға әйелдің қолдауы болса, тауды да қопарады", "Ол күйеуіне сенім артты, бұл керемет қолдау", "Тәуекел түбі – жел қайық, өтесің де кетесің", "Осындай қыздар көп болсын", - деп жазды олар.