27.05.2024, 11:40

Анна Данченко Қызылордада ерекше тойды басқарды (ФОТО)

Фото: Instagram/ann_2905

Анна Данченко аталмыш тойды белгілі отандық асаба Руслан Искаковпен бірге жүргізген.

 Қазақстандық танымал тележүргізуші Қызылорда қаласында ерекше той басқарды. БАҚ өкілінің сөзінше, туған бауырлар бір күнде үйленген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тележүргізуші Анна Данченко Instagram-дағы парақшасында бір күнде отбасын құрған бауырлардың тойын жүргізгенін жазды.

Ол үйлену тойынан естелік сурет жариялап, көпшілікке бір күнде шаңырақ көтерген жас жұбайларды көрсетті.

«Қызылорданың тойы. Бір туған бауырлар бір күнде үйленіп, бір әулетке екі келін түсті. Той құтты болсын! Баршамызға жұғысты болсын!», – деп жазды Данченко.

Айта кетейік, Анна Данченко аталмыш тойды белгілі отандық асаба Руслан Искаковпен бірге жүргізген.