$ 494.87  520.65  4.91

Классикалық өнер мен сәннің үйлесімі: Желіде Дана Есееваның жаңа топтамасы елді тәнті етті

Ол шетелдік дизайнерлерге ерекше алғысын білдірді.

Фото: SN.KZ коллажы
Фото: SN.KZ коллажы

Kazakhstan Fashion Week - «Қазақстан сән апталығында» отандық киім дизайнерлерінің  2024-25 жылдарға арналған жаңа топтамалары көрсетілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Апталықтың шымылдырығын Дана Есееваның «Кенеп» (Холст) топтамасы жапты. Онда отандық дизайнер өз туындыларын тазалық пен сенімнің символы ретінде көрсетуге ұмтылғанын айтады. Сондай-ақ жаңа топтаманы дайындауға классикалық өнер иелері  - балериналардан шабыт алғанын жеткізді.

Қазір дизайнердің әлеуметтік желісіндегі бейнебаян 3600-ден аса бөліскенін байқауға болады. Дана Есеева топтаманың бейнесін бөлісіп жатқан шетелдік дизайнерлерге, баллетмейстерлер мен өнер адамдарына ерекше алғысын білдірді.

 «Мына ғажапқа қарап отырып мен ғана жылап отырмын ба, жарайсың, біздің Дана»,  «Қайта-қайта тамсанып қарап отырмын», «Өте ерекше, қарағанда денем тітіркеніп кетті», «Телефоннан қарағанның өзіне өте әсерлендім», - деп жазып жатыр жаңа топтаманың киімін киіп шыққан балериналарға тәнті болған желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары