$ 478.96  533.03  5.22

«Бұл біздің шешім – шынайы дорама»: Балжан Бидаштың жаңа клипі елді тәнті етті

Таулардың  ортасында түсірілген бейнебаянда Балжан Бидаш космостық стильде киінген. 

Қазақ эстрадасындағы танымал жас әнші Балжан Бидаш «Дорама» атты жаңа әніне бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Таулардың  ортасында түсірілген бейнебаянда Балжан Бидаш космостық стильде киінген. Жақында ғана актер Жахан Отарғалиеыпен ажырасқан Балжанның бұған дейін түсірген "Қателігімсің" бейнебаянын тыңдармандары бұрынғы жолдасына арнады деп жорыған еді.

Ал бұл жолғы бейнебаянына тыңдармандары өзгеше қолдау көрсетіп, шығармашылық табыстар тіледі.

"Тордан шыққан бұлбұл, нағыз өнер иесі", "Керемет!", "Шығармашылық табыстар тілеймін!", "Біз сені үнемі қолдаймыз", "Локация, костюм, образ от", "Керемет клип", - деп тәнті болды.

Ал енді бір тыңдармандары  "әннің сөзі түсініксіз, арасына "зато" сөзін қоспаса да болар еді, сөздері үйлеспейді" деп сынап жатты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары