Концерттен кейін 50 теңгеден төлеңдер де түсіңдер!
Танымал әнші Ернар Айдардың концертіне барған әжей тыңдармандарға дүрсе қоя берді. Ол концертте әншіден микрофонды сұрап, халыққа мәлімдеме жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Айналайын халқым, бала тудың ба, қарамайсың ба? Кафеде тойға барсаң да бала жүреді, концерт көруге келсек те баланы жіберіп қоясыңдар. Ұят бар ма? Суретке түскілерің келсе, концерттен кейін 50 теңгеден төлеңдер де түсіңдер!», – деді әже.
Әлгі видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушылары әжейді қолдай жөнелді.