$ 494.87  520.65  4.91

«Қайраттың балаларын бағып отыр»: Жұлдыз Әбдікәрімова анасының туған күнінде әсерлі жазба жариялады

Жүрек тыныштығымның кілті анамның күлкісінде екенін, өзім ана болған сәттен сезгем.

Фото: zhuldyzabdukarimovaofficial инстаграм парақшасынан
Фото: zhuldyzabdukarimovaofficial инстаграм парақшасынан

Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова анасының туған күнінде ерекше жазба жариялап, оқырмандарының көңілін босатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Жәннатымның туған күні! Жүрек тыныштығымның кілті анамның күлкісінде екенін, өзім ана болған сәттен сезгем. Анашымның ортамызда ұзақ жүргенін, балаларына риза болғанын, маңдайымнан мейірлене иіскегенін жаратқан көп көрмесе екен. Перзенттік парызымды өтеуге өле-өлгенше тырысарым анық. Он сегіз мың ғаламда дәл менің анам болғаныңыз үшін алғыс. Менің анашым, менің асылым, менің бекзадам", – деп жазды актриса.

Оқырмандары болса актрисаның анасына ақ тілектерін қарша боратты. Сондай-ақ Жұлдыздың анасын енесі Гүлзира Айдарбековамен салыстыратындар да жоқ емес екен. Жұлдызды ененің немере бақпайтынын айтты. 

“Нағыз қарапайым кісі. Ешқандай шетелге барып қыдырып өз өзін көрсетіп жүрмейді. Балаларының амандығын тілеп басынан орамалын тастамайды”, “Қайраттың балаларын бағып отыр”, “Гүлзира немерелерін бақпайды, баласы Қайратты әлі бағып жүр”, “10 жыл Жұлдыз бақты, кейін анасы көмектесті”, – деп жазып жатыр оқырмандары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 41
Ұнамайды 5
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары