$ 494.87  520.65  4.91

«Мен қазақ емеспін бе?»: Динара Сәтжан қазақ тілін қайдан үйренгенін айтты (ВИДЕО)

Кейін қазақша сабақ алдым.

Фото: www.instagram.com/dinarasatzhan
Фото: www.instagram.com/dinarasatzhan

Қарақат пен Қыдырәлі  жүргізетін «Жақсы адамдарым» бағдарламасында танымал тележүргізуші , беделді PR маманы Динара Сәтжан қонақ болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ата-әжесінің қолында өскен Динара Сәтжан қазақ тілін бала күнінен білетінін айтты.

Мен жұмысқа келгенде әріптестерім қазақша сөйлеп, «ты поняла?» деп сұрайтын. В смысле, я поняла, мен қазақ емеспін бе? Содан кейін мен ұялатынмын. Мен қазақ тілін әрдайым білетінмін. Өйткені менің апам үйреткен, атам үйреткен, мен солардың қолында өскенмін. Жаңаарқада. Бірақ мен ойлайтынмын, менің қазақ тілім сондай қарапайым, телевизияға жетпейді деп ойлайтынмын. Кейін мен ойландым, жоқ, мен қазақша жазамын. Содан кейін қазақша сабақ алдым. Сұхбаттарды жазып отырғанда, ой туады, сұақ туады, сонда мен мына сөздерді қайдан біледі екенмін деген ой туындайды. Қаным қазақ, қаным маған көмектеседі деп ойлаймын, - деді Динара Сәтжан.   

Видеоны Динара Сәтжан Instagram парақшасында бөліскен.

Оны желіде қайта жариялаған Zhuldyzdy_news  парақшасы бейненің астына:

«Осылай мақтанамыз ба?”: Динара Сәтжан қазақ тілін білетінін айтты

Бұл туралы танымал тележүргізуші «Жақсы адамдарым» бағдарламасында айтты. “Мені апам мен атам үйретті, Жаңарқада солардың қолдарында өстім”, - деді ол өз сөзінде.

“Керемет жүргізуші”, “қазақ қазақша сөйлей аламын дейтін заманға жеттік пе?”, “аман бол” деп жазуда желідегілер.

Сіз не дейсіз?» – деп жазба қалдырыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 7
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары