Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты.
Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева желіде белгілі ақын Жүрсін Ерманмен түскен суретін жариялап, оның қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты. Елшібаева өзінің жетістіктеріне айтыс ұйымдастырушының үлесі зор болғанын жеткізіп, оған ақ тілегін жолдады.
"Айтысты өрге сүйреген жанашыры - Жүрсін ағамен бір сурет. Жезқазғанда өткен командалық ақындар айтысында төрағалық етті. Денсаулығы жақсарғанын көріп, қуанып қалдым. Ең алғаш айтыс арасында терме айтқызып, 23 жасымда Республика сарайын шулатып, халықтың ықыласына бөленуіме, 30-жасымда Францияда өткен ақындар айтысында да, Париж сахнасын термемен шулатуыма себепші, дәстүрлі өнердің жанашыры Жүрсін ағамыз себепші еді. Аман жүріңіз айтыс өнерінің қара нары. Бақытжамал апамызбен қол ұстасып, бірге қартайып, ұрпағыңыздың қызығын көріңіз", - деп жазды Айгүл Елшібаева.