$ 494.87  520.65  4.91

«Тойда мазақ болуды қою керек»: Заманауи әнге билеген кимешектегі әже көптің талқысына түсті

Ойбу, кемпірден ұят болды, жасымыз келмей шаршаймыз.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде кимешекпен билеген әженің биі көпшіліктің назарына ілікті. Бірі әженің бұл жүрісіне таңданыс білдірсе, енді бірі жасы келген кісіге жараспайтынын жазды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеоны TikTok желісіне r.o.u.z.i атты қолданушы жүктеген. Бейнежазба 60 мыңға жуық лүпіл мен 800-ден аса пікір жинап үлгерген.

"Сен 22-ге келіп шаршап жүрсің", деген текстпен бейнежазба авторы жазба қалдырған.

Желі қолданушылары "үлкен кісілерге дұрыс музыка қоймай ма, жүрегі ұстап қалса қайтеді", "кезінде биді жақсы билеген апа сияқты ғой", "бренд сөмкесін айтсайшы", "апа ырғақты сезініп билеп тұр ғой", "өскенде осындай апа боламын", "мына апаны кәрі деуге бола ма", "ойбу, кемпірден ұят болды, жасымыз келмей шаршаймыз", "осы тойда мазақ болуды қою керек қой", "кимешек киіп, мына би не масқара", "апалар билегенде қазақша музыка неге қоймайды", деп түрлі пікір қалдырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 26
Күлкілі 3
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары