Алда қандай қиындықтар, сенімсіздіктер, күмәндар күтіп тұрғанын білмедім.
Қазақ эстрадасының жас жұлдызы, Кешью тобының бұрынғы солисі Балжан Бидаш әйгілі L’Oréal Paris брендінің жарнамасына түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Серіктестік материал» деп бөліскен бейнебаяннан Балжан Бидаштың косметикалық брендтің өнімін жарнамалағанын көруге болады.
Сондай-ақ әнші қыз-келіншектерді өзіне сенімді болуға үгіттейтін компания философиясы жанына жақын екенін білдірген.
Танымал орындаушы боламын деген арманыма жету жолында мені алда қандай қиындықтар, сенімсіздіктер, күмәндар күтіп тұрғанын білмедім. Әдетте мен бұл туралы сөз қозғамаймын, бірақ осы жолымның арқасында өзіңе сенудің қаншалықты маңызды екенін білемін.
Сол себепті, маған әйелдерді өзін дамыту жолында қолдайтын әрі өзімізді сенімді сезінуге көмектесетін L’Oreal Paris брендінің философиясы жақын.
Қыздар, өздеріңізге сенімді болыңыздар!
Біз бұған лайықпыз, - деп сөзінің соңын брендтің ұранымен аяқтады.
L’Oreal Paris брендінің танымал ұранына 2022 жылы 50 жыл болды. Жарты ғасырдан бері әйелдерге өзіне деген сенімділік пен ең жақсыға лайық болуды насихаттап келе жатқан брендтің жарнамасына әр елдің ең танымал актрисалары түседі.
Компанияның кең тараған жарнамаларының бірі – актриса Кейт Уинслеттің өзінің бояуын сүртіп, табиғи қалпымен өзіне деген сенімділікті насихаттайтын мотивацияға толы бейнебаяны.