Осыдан екі күн бұрын талма ұстап, ауруханадан бір-ақ шықтым. Есімнен танып қалдым.
Шоу-бизнес өкілі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға жатып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оған дәрігерлер әлі нақты диагноз қоймаған.
«Жағдай осылай болып тұр. Осыдан екі күн бұрын талма ұстап, ауруханадан бір-ақ шықтым. Есімнен танып қалдым. Қазір ем қабылдап жатырмын. Күндізгі стационарда, неврология бөліміндемін. Дәрігерлердің айтуынша, әзір ем алуым керек, содан кейін тексерістен өтемін. Қан талдауын тапсырып қойдым. Ертең МРТ түсіреді. Содан кейін ғана диагноз белгілі болады. Ауырмаңыздар, іздеп жатқан жандарға көп рақмет», – деді ол.
Актрисаның сөзінше, ол біраз жылдан бері ауырып жүр.
«2016 жылдан бері басым ауыра бергесін, ем қабылдап жүрмін. Карантин кезінде ол жайлы ұмытып кетіппін. 6 ай сайын ем қабылдауым керек еді, соны қазақылыққа салынып, кейінге шегере беріппін. Бас сақинасы ұстап тұр, шай ішпегеннен, біреу маған осылай сөйлегеннен деп басымның ауырғанына мән бермеген едім. Жағдай осылай болып тұр», – деді актриса.